RU

"БТА Банк" ісі бойынша күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

Өзбекстан "БТА Банк" ақшасын жымқырды және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген Артур Трофимовты Қазақстанға табыстады. Ол ел аумағына жеткізілді деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

news.at
Фото:news.at: UGC
"Құрықталған азамат 2005-2009 жылдар аралығында "БТА Банк" АҚ-нан аса ірі көлемдегі ақша сомасын жымқырды, ақшаны заңдастырумен айналысты және қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікке ілінген", - деп хабарлады ведомство.

Ауыр қылмыс жасаған күдіктіні мемлекетке қайтару Өзбекстан және Қазақстан құқық қорғау органдарының бірлесе әрекет етуі нәтижесінде мүмкін болғаны ерекше аталып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1775495-bta-bank-isi-bojynsa-kdikti-zbekstannan-ekstradicialandy.html