RU
Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.
Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel