RU
Қызылордада жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда жасөспірім қызды зорламақ болған күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Podrobnosti.ua

Көрнекі фото: Podrobnosti.ua

Оқиға Қызылорда қаласындағы шағын ауданның бірінде болған.

Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті.

Полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түскен. Оның Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді", - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекістің 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel