Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс жору: түсіңізде от көру нені білдіреді

Опубликовано:

Жанып жатқан от
Лаулап жанып жатқан от. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түс - тылсым құбылыс. Түстің құпияларын адамзат зерттеп, әлі күнге дейін толық сырын аша алмай келеді. Алайда оның адам өміріне әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда белгілі түс жорушылар мен мұсылманша түс жору кітабындағы болжамдарды назарыңызға ұсынамыз.

Түсіңізде от көру нені білдіреді? Түс жорушылар мұндай түсті жақсылыққа жориды, тек от сізге зақым келтірмесе болғаны.

Үйіңіздің отқа оранғанын көрсеңіз, достарыңыз адал, балаларының айтқаныңыздан шықпайтын болады деген сөз.

Егер дүкеніңіз немесе қоймаңызды от жалмағанын көрсеңіз, табысты боласыз деген сөз. Алайда отты өшіруге тырыссаңыз, кикілжіңдерге дайын болыңыз.

Бірақ дүкеніңіз толығымен жанып кеткен болса, бұл алдағы қиындықтар жайлы ескертеді.

Түсіңізде от жаққалы жатсаңыз, өңіңізде көптеген жақсы жаңалықтар болады.

Қаламгерлер отты көрсе, шығармашылық табысқа жетіп, атақ-даңққа кенеледі. Ал кәсіпкерлер үшін бұл шексіз табыс белгісі.

Миллердің түс жору кітабы бойынша түсіңізде от көру нені білдіреді?

Миллер түсіңізде от көру жақсылықтың нышаны деп болжайды. Әсіресе саяхаттаушы мен теңізші үшін жақсылықтың нышаны саналады. Ал түсте өрт көру алда жақсылық күтіп тұрғанын білдіреді. Сонымен қатар балаларыңыз елгезек, достарыңыз адал болады. Егер жазу өнерімен айналысатын жандар түсінде от көретін болса, жетістікке жетеді. Іскер адамдардың кәсібі өрге басып, мол табысқа кенеледі.

Фрейдтің түс жору кітабы бойынша түсіңізде от көру нені білдіреді?

Фрейд болжамы бойынша түсіңізде от көру жыныс мүшелерімен байланысты мәселелерді білдіреді. Егер түсіңізде оттан қорықсаңыз, өмірде жыныстық қатынасқа түсуден қорқуыңыз мүмкін.

Ер адам түсінде алау жағып жатса, оның денсаулығының мықты екенін білдіреді. Ал керісінше отты тұтата алмаса, онда дәрігерге қаралып қою артық болмайды.

Ормандағы алау
Орманда тұтанған от. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ванганың түс жору кітабы бойынша түсіңізде от көру нені білдіреді?

Ванганың түс жору кітабы бойынша түсіңізде қағаздың жанғанын көру үлкен өрттің белгісі. Қала мен орманның өртке орануын көру ел ішінде құрғақшылық болатынын аңдатады. Дегенмен мұндай түс құрғақшылықтың ұзаққа созылмайтынын, оның арты жаңбырға ұласатынын да білдіреді.

Лофф түс жору кітабында от туралы не айтылған?

Лоффтың түс жору кітабында түсіңізде от көру қорқыныштан арылып, рухани әлеміңізді тазалау керегі жазылған. Ал түсіңізде отты өшірген болсаңыз, онда алдағы уақытта қандай да бір жағдайды бақылауда ұстай алатын боласыз. Сіз үшін алынбайтын қамал болмайды.

Мұсылманша түс жору бойынша түсіңізде от көру нені білдіреді?

Мұсылманша түс жору кітабы бойынша түсіңізде от көру соғысты, әлденені жоғалтуды білдіреді. Егер оттың түтіні үлкен болса, онда бұл жақсылықтың белгісі болып саналмаған. Ал түсте отқа табыну шайтанға еріп кету қаупі бар екенін ескертеді. Түтін жұту жетімнің ақысына кіру немесе күнәлі жолмен келген ақшаға тамақтанатынын білдіреді.

Түсінде киімінің немесе денесінің жартысын от шарпығанын көрсе, өмірінде қиындықтар болуы мүмкін. Ал түсіңізде жарық түсіру мақсатында жанып тұрған отты көру жақсы хабардың белгісі.

Сіріңкенің жануы
Жанып тұрған сіріңке. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ислам ғұламалары түсте оттың кіруінің көптеген мағынасы бар екенін айтады. Бұл адамның күнәларына байланысты ескерту болуы да ғажап емес. Сонымен қатар мұндай түс адам баласының жаратушысына бойсұнуын, қорқуын, арын таза ұстауы, әділдік жолымен жүруін де білдіреді.

Ислам ғалымдары бұған Мұса пайғамбарға (ғ.с.) қатысты мына аятты мысал етеді:

"Сол уақытта ол бір от көріп, үй-ішіне: "Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта бір жол көрсетуші табармын", - деді".

Мұсылманша түс жору бойынша түсіңізде от көру көп жағдайда қиындықтан шығуды, табысқа жету жолындағы кедергілерді жеңуді білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775561-tsiizde-ot-kru-neni-bildiredi/

pixel