RU
Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандар бейіттерде түнеп, Қыдыр атаны жағалап жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандар бейіттерде түнеп, Қыдыр атаны жағалап жүр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік дәрігерлер жүйке ауруына шалдыққандарды бейіттерде түнететін туыстарына ренжулі деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Гүлмира Оразова

Гүлмира Оразова

Мамандардың айтуынша, жазылып келе жатқан науқастың дерті емші жағалап жүргенде асқынып кетеді екен.

"Кейде ер адамдардағы ауру белгісі әскерге шақыратын кездегі медициналық тексерістен кейін анықталады. Ауру адам өзіне сындық көзқараспен қарамайды. Ол өзін "ауырдым" деп санамайды, өздігінен келмейді. Оны тек туыстары байқап алып келеді.
Жүйке ауруының өзінің жүзден аса диагнозы бар. Кейде ренжитін жағдайлар болады. Емделіп жақсарып келе жатқан адамды туыстары емшілеріне, Қыдыр атаға қаратуға алып кетеді. Ол жақтан келген адамның ауруы одан сайын асқынып келеді.
Соған қарнымыз ашады. Емделіп жақсарып келе жатқан адамды бүлдіреді. Ол емшіге апарғаннан кейін қайта біздің алдымызға келеді. Бейіттердің басына түнетеді, мұндай жағдайлар тек науқастың жағдайын нашарлата береді" , - дейді Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Гүлмира Оразова.

Психикасында ауытқуы бар адамдарды емдеу орталығында дінге беріліп кетіп, ақыл-есін басқара алмағандар да ем қабылдауда екен.

"Бізде дінге қатты беріліп кетіп, ем алып жатқандар бар. "Адвентистов седьмого дня", "свидетели иеговы" дегендерге адамдар неге барады? Жылылық іздеп, көмек сұрайды. Ол жақта олармен сөйлеседі, амандасады.
Мәселен, баптистер шеңбер жасап өлең айтады. Ол да эмоцияны шығарудың бір жолы. Осылай жан тыныштығын іздеп жүріп те адамдар жүйке ауруына шалдығады. Әйел қырық жанды деген рас.
Жүйке аурулары да әйел адамдарда тез емделеді. Мүмкін ол ай-сайынғы әйел адамдарда болатын табиғи өзгерістен болар. Ер адамдар ұзақ емделеді", - дейді дәрігер.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 7841 адам психикалық ауру белгілерімен есепте тұр. Псхикалық ауруханада 40 ересектер, 20 балалар керуеті бар. Науқастар арнайы уақытпен кезектесіп ем алады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel