RU
Шымкентте сирек дертке шалдыққан төрт жасар баланың суреті жұртты шошытты

Шымкентте сирек дертке шалдыққан төрт жасар баланың суреті жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Ақмарал Өміралинова өз Facebook парақшасында туғаннан сирек кездесетін дертпен ауыратын төрт жасар баланың суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/akmaral.omralinova

Фото: facebook.com/akmaral.omralinova

Ақмаралдың сөзінше, балақай бұрын Шымкенттегі Түркістан облыстық балалар ауруханасында ем қабылдаған. Алайда, жақында бүлдіршіннің анасына берілген анықтама да оны таң қалдырыпты.

Өмірәлинова баланы жедел ауруханаға түскенін, алайда дәрігер альбуминнің жетіспеушілігі екенін көрсетіп, келесі күні келуді тапсырғанын айтады.

Сондай-ақ, анықтама бүлдіршін ауруханадан шыққан соң екі күннен кейін ғана жазылған екен.

"Анықтамада дәрігер баланың жағдайы ауыр екенін көрсеткен. Онда неге оларды санитарлық авиациямен Алматыға жібермеген? Егер пойызда жолда баланың жағдайы нашарлап кетсе, оған кім көмек көрсетеді?", - дейді қоғам белсендісі.

Өмірәлинованың сөзінше, дәрігер баланың бетінде ісіну бар екенін көрсеткен. Ал шын мәнінде, баланың барлық денесі ісінген және салмағы да бір жарым келіге артып кеткен көрінеді.

Ақмарал тағы басқа да кемшіліктер туралы да жазған екен.

"Баланың анасы осы күнге дейін ауруханадан еш өзгеріссіз шығып жүргенін айтты. Ең қиыны, баланы неше жылдар бойы күні-түні мазалаған бұл аурудың диагнозы әлі күнге дейін қойылмаған.
Бірнеше анықтамалармен танысқан соң мен баланың анасына қол қоймас бұрын мәтінмен толық танысып алуын сұрадым. Ол құжаттарға сенер болсақ, ауруханадан Альтаирдың жағдайы жақсы болып шығады", - деп жазды Өмірәлинова.

Ал Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Newtimes.kz тілшілеріне анасының баланы еш түсініктемесіз өзі алып кеткенін айтқан.

Онда Алтаирды 24 қаңтар күні облыстық ауруханаға жатқызғанын, оған УДЗ тексеруін, қан сараптамасын жасағанын жеткізген.

Баланы қарау үшін тіпті Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасының доценті Жұмабековтың қатысуымен консилиум болған.

Денсаулық басқармасында хабарлағандай, 23 қаңтарда анасы балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне келіп, Шымкентке кететінін хабарлаған. Алайда, келіншек келесі күні тағы да баласын ауруханаға әкеліпті. Сол күні балақай жедел түрде ауруханаға жатқызылған.

"2019 жылдың 25 қаңтарында баланы хирургиялық бөлімше меңгерушісі қарап шықты: перианалды облыста тыртық бар (парапроктиттен кейін), еш тесік жоқ", -деді ведомствода.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel