Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нурмагомедов Рақышев және Мәсімовпен түскен суретін жариялады

Опубликовано:

Астанаға келген дағыстандық UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық ең табысты кәсіпкер Кеңес Рақышевпен түскен суретін жариялады деп жазады NUR.KZ.

Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov: UGC

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы суретті Instagram парақшасына жүктеген.

Онда Нурмагомедов қазақстандық бокс федерациясының вице-президенті, танымал кәсіпкер Кеңес Рақышевпен бірге тұр.

Суретте ҰҚК-нің төрағасы Кәрім Мәсімовті де көруге болады. Оның Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының жетекшісі екені белгілі. Олардың қасында Мәсімовтың бірінші орынбасары Самат Әбіш те тұр.

Кеңес Рақышев Швейцария мен Израиль елдерінің бірлесе ашқан Sirin Labs компаниясының төрағасы. Өткен жылы қарашада ол әлемге блокчейн-смартфонын таныстырды. Одан кейін Finney гаджеттері сатылатын дүкеннің Лондонда ашылатыны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 27 қаңтар күні Хабиб Нурмагомедов құпия сапары кезінде Қарағандыдағы балалар үйіне барып қайтты. Чемпион бүлдіршіндерді зиянды заттардан аулақ болып, спортпен шұғылдану арқылы тек қана алға ұмтылуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1775592-nurmagomedov-rakysev-zne-msimovpen-tsken-suretin-zarialady/

pixel