RU
Қарағандыда ер азамат 30 градустық аязда үсіп өлді

Қарағандыда ер азамат 30 градустық аязда үсіп өлген

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық тұрғын 30 градустық аязда үсіп өлген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: vzsar.ru

Көрнекі фото: vzsar.ru

Ер азаматтың тұрғылықты жері болмапты. Ол сол күні мас болып, көшеде құлап қалған.

Содан көшеде қозғалмай жатып қалған.

Дәрігерлердің сөзінше, Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығына ер адамды алып келгеннен кейін, үйсіз адам бір жарым сағат ес-түссіз жатыпты.

Біршама уақыттан соң қайтыс болып кеткен.

Дәрігерлер ауруханаға келгенге дейін марқұмның жағдайы ауыр болғанын жеткізді.

Айта кетсек, синоптиктер алдағы күндері Қарағандыда ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейтінін ескертті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel