RU
Шымкентте жеке клиникада көз жұмған полицей ісіне қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте жеке клиникада көз жұмған полицей ісіне қатысты сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жеке клиникада ем алуға келіп, қайтыс болған полиция қызметкерінің өліміне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот залынан фото NUR.KZ

Сот залынан фото NUR.KZ

Бүгін әл-Фараби аудандық соты марқұм жігіттің өліміне айыпты деп танылған дәрігерді ҚР ҚК нің 317 бабы, 3-ші бөлігімен кінәлі деп танып, екі жылға шартты жазаға кесті.

Салғырттықтың салдарынан дәрігерлік міндетін адал атқармаған ақ халатты енді үш жылға медициналық қызмет көрсете алмайды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған.

Судья Е.Оспановтың сөзінше, ақ халаттының кәмелетке толмаған бес баласы бары, бұрын сотты болмағандығы да жаза тағайындау барысында ескерілгенін айтты.

Айта кетейік, марқұмның туыстары сотталушы дәрігерге кешірім беріп, сотталушы жәбірленуші тарапқа материалды және моральдық шығынды толық төлеген.

Сот үкімімен бұрынғы дәрігер енді жүз сағат қоғамдық еңбекке тартылып, пробациялық есепте қадағалауда болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік үйленгеніне төрт жыл болған отыз жастағы азамат жұбайымен бірге сәби сүймек ниетте жекеменшік медициналық клиникада ем қабылдамақ болған.

Екпе салу кезінде жағдайы нашарлап кеткен ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған болатын.

Шымкенттегі клиникада ем-дом жүргізген дәрігер бұл факті бойынша айыпты деп танылған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel