RU
30 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

30 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Спортпен шұғылданып, үй шаруасымен айналысу үшін таптырмайтын күн. Тағдырыңызды өзгертетін маңызды шешім қабылдамаған жөн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 30-шы қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Podrobnosti.ua

Көрнекі фото:Podrobnosti.ua

1. Тоқты

Үй шаруасымен айналысу үшін қолайлы күн. Үйдің іші реттелсе, ойларыңыз да реттеліп, көкейіңізде жүрген сұрақтардың жауабы табылуы мүмкін. Шөптердің көмегімен ағзаны тазалауға болады.

2. Торпақ

Кішігірім сыйлық алып, өзіңізді еркелетуге болады. Жұмыста табысқа жету үшін міндеттеріңізді орындаудың жаңа әдісін табыңыз.

3. Егіздер

Бүгін қызықты, әрі ерекше кездесулер болады. Болашақ өміріңізге әсер ететін таныстықтар болуы мүмкін. Қомағайлыққа салынбай, ащы тамақтарды көп жемеңіз. Өткір зат ұстағанда абай болыңыз.

4. Шаян

Бүгін көптеген жетістікке қол жеткізе аласыз. Ең бастысы мақсатыңызды анықтап алу керек. Жан қалауыңызды тапсаңыз, оған жету жолында сізді ештеңе тоқтата алмайды.

5. Арыстан

Ұйымдастыру қабілетіңіз артады, оны қолдана білсеңіз ұтылмайсыз. Әсіресе қалауыңызға қол жеткізгіңіз келсе, жан дүниеңізге құлақ түріңіз. Қолайлы сәтті күтпей, әрекетке көшкен дұрыс.

6. Бикеш

Бүгінгі күн қуаныш сыйламаса, тағдырыңызға ашуланбаңыз. Одан да не себепті бұлай болғанын ойлаңыз. Осы құпияның сырын ашсаңыз, күн сәтті әрі жемісті болмақ. Әсіресе отбасы мен махаббат мәселесінде.

7. Таразы

Сіз үшін бұл күн қолайлы болады. Себебі бастаған істің барлығын аяғына дейін жеткізесіз. Тіпті бір жоба көп уақытты талап етсе де, ол істі сәтті аяқтауға бар күшіңізді сарп етесіз.

8. Сарышаян

Бүгін көптен бері отбасыңызға көңіл бөлмеген болсаңыз, сүйіктіңізді киноға шақырыңыз немесе романтикалық кеш ұйымдастырыңыз. Кәсіби салада болса, көптен бері кейінше қалдырған істерді аяқтаған жөн. Осының арасында өзіңіз жайлы да ұмытпаңыз.

9. Мерген

Айналадағылардың қалауымен жүру оңайға соқпайды. Жұлдыздар олай істеудің қажеті де жоқ дейді. Сіздің тік мінезділігіңіз бен белсенділігіңіз көп адамның жүйкесіне тиеді, сондықтан оқшауланып, өз бетіңізбен іспен айналысқан жөн.

10. Тауешкі

Бүгін басқалардан гөрі өзіңізге көңіл бөлген дұрыс. Біріншіден, әр адамның жеке өмірге құқы бар. Екіншіден, өз шаруаларыңызды сіз әлдеқайда жақсы орындайсыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін ерекше идеяларыңыз көп болады, олармен басқалармен бөліскіңіз келеді. Бірақ асықпаған жөн. Немесе өзіңізді қолдайтын адамдарды тапқаныңыз абзал.

12. Балықтар

Бүгін ойыңыз ұшқыр болады, сондықтан бұл қабілетті тиімді пайдалану керек. Әсіресе кәсіби салада бұл кәдеңізге жарайды. Жұмыста миыңыз бар әлеуетін көрсете алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel