RU
Өскеменде орыс ұлтының жігіті қазақ тілі курсын ашты

Өскеменде орыс ұлтының жігіті қазақ тілі курсын ашты

Рассказать Вконтакте

Өскемендік кәсіпкер Ярослав Кушнарев өз қаражатына қазақ тілі курсын ашты деп хабарлайды Altaynews.

фото: Altaynews.kz

фото: Altaynews.kz

Ярослав Кушнаревтың айтуынша, оның ашқан курсында қазақ тілін меңгергісі келетіндердің 70%-ға жуығы орыс ұлтының өкілдері.

Кәсіпкер негізгі мамандығы дәрігер-стаматолог екендігін айтты.

Ол курс ашуына қазақ тілін тиімді үйрететін курстың болмауы түрткі болғанын жеткізген.

"Жақында қазақ тілін үйренуге талпындым, бірақ ыңғайлы тіл үйрету курстарын таба алмадым. Сол себепті оны өзім ашуды ұйғардым.

Бастапқыда әлеуметтік желіде сауалнама жүргіздім. Ұсынысымды дұрыс көргендер көп болды. Барлығын есептеп, нақты қадам жасауға бел будым. Жоба құрып, оқытушы жалдадым.

Осылайша жұмысты бастадым. Оның үстіне жұмысқа қабылданған педагог маман университетте жұмыс істейді. Ол тіл үйірмелеріне арнап оқыту бағдарламаларының әдістемелелерін дайындайды екен", – деді Ярослав Кушнарев.

Сондай-ақ тілді меңгергісі келетіндердің жас мөлшері 27-40 аралығын құрайтынын айта кетті.

Оның айтуынша, курсқа қатысатындардың көбісі бизнес саласының мамандары екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel