RU
Ұлттық аспаппен ән салатын отандық топ Шырын Нарчаеваны клипке түсірді
Жаңалықтар Қоғам

Ұлттық аспаппен ән салатын отандық топ Шырын Нарчаеваны клипке түсірді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық аспаппен ән орындайтын "Алдаспан" этно-рок тобы өздерінің клипіне Шырын Нарчаеваны түсірді. Топ продюсері мен режиссері осы идея үшін сөзге келіп қалған деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шырын Нарчаева. Фото: Видеодан кадр, "Ревю" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ

Шырын Нарчаева. Фото: Видеодан кадр, "Ревю" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ

"Нала" атты бейнебаянға басты кейіпкер ретінде, ғаламторды шулатқан Шырын Нарчаева бекітіліп, тіпті түсірілім жұмыстары да жүрген.

Кейін қазақтың ұлттық аспабы мен атышулы арудан үйлесім таппаған топ продюсері, режиссердың идеясынан бас тартыпты.

"Режиссер, сол Шырынды түсіріп алып келіпті. "Клипке қосамыз" деді. Сөйтіп біздің топта үлкен айхай-шу шықты. Мен "Топты таратамын" дедім. Жігіттермен ренжістім", - дейді Aldaspan этно-рок тобы.

Осыдан 7 жыл бұрын құрылған топтың танымалдығын арттырғысы келген режиссер, Шырын арқылы қулығын іске асырғысы келгенін мойындады.

"Алдаспан" электро-домбарыны ойлап тапқан алғашқы топ болғанымен, арнайы жүргізген сауалнамада аудиториясы аз екенін аңғардым. Сондықтан бұл ұжымды «хайп» арқылы халыққа кеңінен танытқым келді", - дейді режиссер Дамир Жақия.

Айта кетейік, "Алдаспанның" бұл хайпын кезінде "Alem band" тобы қолданған болатын. Жас жігіттерден құралған топ екі бірдей клипіне Айжан Байзақованы түсірді.

Сіздің реакцияңыз
39
3
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel