RU
Ақмола облысында ағылшын тілінен сабақ беретін әкім елді таңғалмауға шақырды

Ақмола облысында ағылшын тілінен сабақ беретін әкім елді таңғалмауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков ауданның 2018 жылғы қорытындысы мен биылғы жоспарлары туралы айта келе, ағылшын тілінен сабақ беріп жүргенін атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

today.kz

Фото:today.kz

"Болашақ" бағдарламасының степендиаты ағылшын тілінен сабақ бергеніне таңданудың қажеті жоқ екенін айтып өтті.

"Елімізде сабақ беріп жүрген алғашқы әкім мен емес. Дегенмен бұл идеяны жүзеге асыру алдында біраз ойланып, таразыладым. Яғни, адамдар қалай түсінеді? Бәлкім, біреулерге ұнамай қалуы да мүмкін. Халық ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартумен неге айналыспайды деген ойлар мазалады", - деді Ерлан Исабеков.

Әкім жұмыстан бос уақытта немесе демалыс күндері сабақ береді екен.

Алғашында жұрт мұғалім әкімнің жаңа "қызметіне" оғаш қараса, қазір бұған үйреніп кеткен.

Тіпті, әкімнің сабағына қатысатын адамдардың саны артқан.

Ерлан Исабеков тұрғындарға ағылшын тілінен сабақ беріп қана қоймай, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерді де шешуге атсалысады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel