RU
"Мен саясаткер емеспін": Димаш Қытайдағы қазақтардың тағдыры жайлы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мен саясаткер емеспін": Димаш Қытайдағы қазақтардың тағдыры жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Димаш Құдайбергенге Қытайдағы қазақтардың жағдайы туралы сұрақ қойылды. Әнші қандастарының тағдырына жүрегі ауыратынын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

hellomagazine.com

Фото:hellomagazine.com

Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Қытайдағы қазақ қандастарының қиын жағдайы туралы сұрақ қойды.

Әнші қандастарына жаны ашитынын, алайда дипломат немесе үлкен деңгейдегі саясаткер еместігін жеткізді.

«Қай жерде болмасын, жаны қазақ, қаны қазақ ағайындардың тағдыры әрқашан мен үшін маңызды. Қолымнан келгеннің барлығын істер едім. Бірақ мен үлкен, халықаралық деңгейдегі дипломат емеспін. Менің қолымнан келетіні - ән айту», - деді Димаш.

Әнші сөз болған мәселеге бейқам қарамайтынын жеткізді.

«Жүрегіме ауыр тиеді. Бұл мәселенің тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ саясаттағы үлкен тұлға емеспін», - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
0
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel