RU
Тағы бір Кончита: "Евровидение"-ге Франция атынан жыныссыз әнші қатыспақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тағы бір Кончита: "Евровидение"-ге Франция атынан жыныссыз әнші қатыспақ

Рассказать Вконтакте

Тель-Авивте өтетін "Евровидение-2019" байқауында Франция намысын жыныссыз әнші қорғайтын болды. 19 жастағы Билал Хассани өз елінде өткен іріктеуден сүрінбей өтіп, көпшілік үміткердің арасынан топ жарған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Билал Хассани 1999 жылы Париж қаласында дүниеге келген. Этникалық маррокандық болып саналатын жас жігіт Youtube желісіндегі видеолары арқылы танылған.

Ол әндірінің сөзін өзі жазып, оларды орындап жатқан бейнежазбаларын ғаламторға жүктеп отырған.

Өз әншілігін Билал бес жасында отбасылық отырыста бастаған. Кейіннен музыка бағыты бойынша білім алып, шығармашылығын шыңдай түседі.

Ең қызығы, әнші өзін жыныссыз адам деп санайды. Яғни, ол өзін не ер адам, не әйел деп бөліп жармайды.

Алайда бойында екі жынысқа да тән қасиеттері бар екенін айтады. Мұндай адамдарды қазіргі қоғамда андрогиндер деп атайды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
11
4
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel