RU
Отандық әнші Лидо кішкентай ұлын Америкада сүндеттегенін айтты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық әнші Лидо кішкентай ұлын Америкада сүндеттегенін айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Лидо ұлын Америкада сүндеттеді. Бұл жайында ол Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Америкалықтардың өмірі жайлы жиі жазба жариялайтын әнші бұл жолы АҚШ-тағы жаңа туған ер балалардың сүндеттелуін баяндаған.

Әншінің айтуынша, бұл салт Америкада кеңінен таралыпты.

"Елде 1 пайыздан аз мұсылмандардың барына қарамастан, 75 пайыз ерлер сүндеттелген. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестенің ата-анасынан сүндеттеу үшін келісім сұрайды.

Ал 1950-60 жылдары сүндеттеу тұрақты түрде істеліп, сол уақытта туған ер адамдардың 90 пайызы сүндеттелген.

Қазіргі уақытта мемлекеттегі жаңа туған нәрестелердің жартысына жуығы сүндеттеледі", - дейді әнші.

Оның айтуынша, Америкада сүндеттеу перзентханада жүзеге асырылады екен.

"Бұл Рамис екеуміздің есімізде қалды. Босанған күннің ертесіне дәрігер келіп, бұл рәсімнің қалай жүзеге асатынын айтып, баламды алып кетті. Арада 10 минуттай уақыт өткенде ол ұйықтап жатқан ұлымды қайта әкеліп тастады. Рамис түнде мазасызданып, ертесіне бұл жайында ұмытып кетті", - дейді Лидо.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel