Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш: Майкл Джексонмен бір қатарда тұру үшін көп еңбектенуім керек

Опубликовано:

Димаш Құдайберген таяуда америкалық сайттардың бірінде жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша әлемдегі мықты жұлдыздармен бір қатарда тұрғанына қуанғанын, алайда ол сауалнаманың еш салмағы жоқ екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, интернеттегі дауыс беру қорытындысы бойынша әнші "Ғаламның ең үздік әншісі" тізімінде Джексон, Меркьюрилермен қатар тұрған-ды.

"Әрине, алғашында естіп қуандым. Ол кезде мен шетелде сапарда болғанмын. Көпшілік айтып жатқан соң, қызығушылығым артып, сауалнамаға көз жүгірттім. Ол жерде мені Майкл Джексон, Фредди Меркьюри секілді мықтылармен қатар қойыпты. Қуанғаным рас. Алайда, үлкен жұлдыздармен қатар болу үшін тынбай еңбектенуім керек", - деді Димаш ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда, Димаш бұл сауалнаманың ешқандай да сайыс не жоба еместігін меңзеді. Бастапқыда алғашқты үштікте болған Димаш аз уақытта 300-ші орыннан да төменге түсіп қалған болатын.

"Бұл тек интернеттегі жай сауалнама. Алайда, жанкүйерлерімнің қолдауын сезіндім", - деп қысқа қайырды әнші.

Димаш Құдайбергеновтің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1775723-dimas-majkl-dzeksonmen-bir-katarda-tru-sin-kp-ebektenuim-kerek/

pixel