RU
Жігіттер жоқ: Ақтөбеде намаз оқитын қыздарға арналған клуб ашылды

Жігіттер жоқ: Ақтөбеде намаз оқитын қыздарға арналған клуб ашылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде орамал тағатын мұсылман қыздарға арналған арнайы клуб ашылған. Орталықтан әртүрлі қызмет түрін табуға болады. Тіпті, бет, шаш күтімі, киім тігу, фитнес, "вумбилдинг" жаттығуларына дейін бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: elmina.id

Көрнекі фото: elmina.id

"Бұл клубтың жұмыс істегеніне төрт ай болды. Орамал тағып, намаз оқитын қыздарға жұмысқа тұру қиын. Олар негізінен ер адам жоқ жерлерді іздейді.

Біздің клубта ер адамдар болмайды. Сол себепті намаздағы қыздар бізге келіп, орамалсыз спорттық киімде фитнеске қатыса алады.

Жалпы біз адамдарды "намаз оқитындар" деп бөлмейміз. Бізге намаз оқымайтын қыздар да келе алады. Бірақ бізге келетіндердің көбісі намаз оқитын келіншектер.

Ер кісілер болатын жерге көбінің күйеулері жібергісі келмейді", - дейді Мира Бекниязова.

Қазір клубтың фитнес залына намаз оқитын он шақты қыз келеді екен. Клуб жетекшісіне орталықты ашуға жолдасы көмектескен.

"Клубта қазақша, орысша, түрікше, арабша, ағылшын тілдерінде сабақтар жүреді. Шаштараз, қол, бет күтімдеріне байланысты қызметтер алдын ала жазба арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, "вумбилдинг" бағытындағы тренерлеріміз бар.
Төрт айда жалға алған ақшамды шығарған жоқпын. Бірақ ұнайды, болашақта өтейді деп ойлаймын. Бұл жұмыстарымды әзірге жолдасым қаржыландырып отыр", - дейді клуб жетекшісі Мира.
Сіздің реакцияңыз
3
5
0
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel