RU
Ақтауда қандаланы улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болды

Ақтауда қандаланы улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда жәндіктерді улау кезінде 6 жасар бала қайтыс болды. Тағы екі балақай ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: garant-plus.kz

Көрнекі фото: garant-plus.kz

Қазір жәндіктерді заласыздандырған 7-ші қабаттағы пәтер мөрленіп, жабылған. Көз жұмған 6 жасар бала 7-ші қабаттың үстіндегі пәтерде болған.

Ал улану диагнозымен ауруханаға жедел жеткізілген үш және төрт жастағы екі баланы аналары жатқызудан бас тартыпты.

"Бізге токсинді улану диагнозымен түсті. Қазір 6 жастағы баланың қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау үшін оның денесі сот сараптамасына жіберілді. Нәтижесі, бір ай ішінде белгілі болады. Содан кейін ғана, неден көз жұмғанын нақты айта аламыз", - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев.

Ал "көрші-қолаң бұл пәтерге қандала қаптап кеткелі қашан" дейді. Тіпті, үйдің иесі тұрғындарды жәндіктерді бірігіп улауға шақырған.

Санитарлық қадағалау мамандары баспаналардың бірі дәріні базардан сатып алған дейді. Ал екінші пәтердегілер дәрі себушілерді жалдапты. Бірақ, дәрігерлер талдау қорытындысын құпия ұстап отыр.

Полицейлер қазір оқиғаға қатысты "Абайсызда адам өліміне әкелу" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Барлық қажетті сараптама жүргізу тағайындалған.

Еске сала кетейік, бұл Ақтауда қандаланың көзін жоямын деп, бала өліміне әкелген алғашқы жағдай емес. Былтыр да Мұнайлы ауданында екі жасар бала мен 29 жастағы әйел химиядан уланып, қаза тапты. Полицейлер дәрі себушілерді ұстағанмен, тергеу әлі аяқталмапты.

А. Бектас

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel