RU
"Ыдыс-аяққа дейін ұрлайды": Алматыда ұрылардан шаршаған жұрт жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Ыдыс-аяққа дейін ұрлайды": Алматыда ұрылардан шаршаған жұрт жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда Әлмерек шағын ықшамауданы тұрғындары үйлерін ұрылардың бірнеше рет тонағанын айтып, дабыл қағуда. Олар екі күннің бірінде қолына түскен заттарды алып кететін көрінеді деп хабарлайды КТК.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Тұрғындардың айтуынша, бұл бассыздыққа полицейлер әлі күнге дейін ештеңе істей алмай отыр.

Олардың сөзінше, ұрылар шектен асып, бір үйді бірнеше мәрте тонайтын болған. Ештеңе болмаса, тіпті, үйден ыдыс-аяқ алып кетеді екен.

Жергілікті тұрғындар соңғы айда ұрылардың 20 ұрлық жасағанын айтады.

Ал Үміткүл Ақанбаева үйінде алатын зат болмаған соң қылмыскерлер киімдері мен етті алып кеткеніне ашуланып отыр.

Қазір ауылдағылардың ббірнешеуі үйлеріне бейнекамера мен темір торлар орнатып тастаған. Алайда, бұл әрекет қылмыскерлерді тоқтата алмаған көрінеді.

Қалалықтар өз ықшамаудандарында бір топ банда бар деп есептейді. Олар екі-үшеуден іске кірісіп, сөмкені дуалдан лақтырып, артынан тығылып қалады дейді олар. Тіпті, бір күні ұрлықшыларды көлік алып кеткен екен. Сол уақытта ұрлықшылардың бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Қалалық полиция департаменті күдіктінің тұлғасы анықталғанын айтты. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін мекен-жайы анықталуда.

Полиция іздестіру жүргізгенше алматылықтар қорқынышпен өмір сүруді жалғастыра бермек. Олар өз шағынаудандарында бір күн де ұрлықсыз өтпейтінін жеткізді.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel