Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше аймағында ауа райы жауын-шашынды болады

Опубликовано:

30 қаңтар, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болып, елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Сондай-ақ, бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрғасын соғып, жел күшейеді деп хабарлайды «Қазгидромет».

Елімізідң бірнеше аймағында ауа райы жауын-шашынды болады
Көренкі фото: 2day.kh.ua: Twitter

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алакөл ауданы аумағында желдің жылдамдығы 20-25 метрге, екпіні 30 метрге жетеді және одан да күшті болуы ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метрге дейін баруы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бірқатар жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Күндіз және түнде желдің екпіні секундына 27 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таң ата бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз оның екпіні 25 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде бірқатар аумақтарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, облыстарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында боран болады. Ақтөбе облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жая бұрқасын болып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775780-elimizdi-birnese-ajmagynda-aua-rajy-zauyn-sasyndy-bolady/

pixel