RU
Түркіменстанда студенттерге телефон мен интернет қолдануға тыйым салған

Түркіменстанда студенттерге телефон мен интернет қолдануға тыйым салған

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда қысқы демалыс кезінде студенттерден "мобильді телефон мен интернет қолданбаймыз" деген мәтіндегі қолхат алынған. Сонымен бірге, жастар оқу орнының басшылығына "тойға бармаймыз" деп уәде беріп кеткен деп жазады Centralasian.org.

n8hr3vtycnfy

Фото: www.centralasian.org

Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметіне елдегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары мәлімдепті.

"Мұндай қолхатты студенттерден 25 қаңтарда жаздыртып алды. ЖОО басшылары демалыс кезінде студенттерге өздерін тәртіпті ұстауды, телефонмен сөйлеспеуді, интернет қолданбауды және тойларға бармауды тапсырған", - деп хабарлады Ашхабадтағы тілші.

Бірнеше күн бұрын ЖОО студенттері оқытушыларының демалысқа ауылына бару үшін такси қызметін пайдаланбауды бұйырғанын айтқан.

Тіптен демалыстан келгеннен кейін жол билетінің көшірмесін деканатқа тапсыруды талап еткен екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel