RU
"Ғашығын" алып кеткен адамды ұра бастаған балақай желіде жұлдыз болды
Жаңалықтар Қоғам

"Ғашығын" алып кеткен адамды ұра бастаған балақай желіде жұлдыз болды

Рассказать Вконтакте

Тойдағы би кезінде кішкентай "ғашығын" алып кеткен ер адамға ашуланып, оны ұрғылай жөнелген балақай көпшіліктің көңілін көтерді деп жазады NUR.KZ.

видеодан кадр, instavideo_kaz

видеодан кадр, instavideo_kaz

Қызықты сәттің видеосы Instagram желісіндегі Instavideo_kaz тобында жарияланған.

Кадрдан ортада билеп тұрып, жылаған қызды егде жастағы ер адамның көтеріп алғанын көруге болады.

Ал "ғашығын" алып кеткенге ызаланған бүлдіршін бірден ер азаматты ұра бастаған.

Мұны көрген желі оқырмандары "Нағыз жігіт", "Болашақ қайын атаңды неге ұрасың?", "Күлкіден өлтірді", "Жігіт болды деген осы", -деген сынды пікірлерін білдірген.

Алайда, желі оқырмандары арасында "балақайға ата-анасы дұрыс тәрбие бермеген" деп жазғандар да табылды.

Сіздің реакцияңыз
15
5
1
2
1
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel