RU
Алматы облысының тұрғыны әйелін қорғау үшін ауылдасын ұрып өлтірген

Алматы облысының тұрғыны әйелін қорғау үшін ауылдасын ұрып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында ауылдасын жұдырықпен бір ұрып өлтіріп алған 50 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

"Әйелімді қорғадым": Алматы облысында ауылдасын ұрып өлтірген азамат ұсталды

Көрнекі фото: Sputnik Kazakhstan

Қайғылы жағдай 23 қаңтар күні Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында болған.

1967 және 1969 жылғы екі ер адам сөзге келіп, ақыры екеуі бір біріне жұдырық ала жүгіріпті.

Төбелестің соңы 52 жастағы адамның ауыр қалде ауруханаға жеткізілуімен аяқталады. Алайда жарақат алған азамат екі күн ес-түссіз жатып, жан тапсырған.

Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 107 бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу, өлімге әкелу) бойынша іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің өкілдері адам өліміне күдікті жанның уақытша тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Ал 50 жастағы тұрғын бұл әрекетін "әйелімді кикілжіңге келген қарсыластан қорғамақ болып, тек құлақ шекеден бір ғана соққы жасадым" деп түсіндірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel