RU
"Шама келмеді": Роза Әлқожа өзін толықтығы үшін сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Шама келмеді": Роза Әлқожа өзін толықтығы үшін сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал Роза Әлқожа артық салмағының салдарынан сынға ұшырайтынын жеткізді. Көпшілік оған арықтау керектігін айтып, мазасын алатын көрінеді. Осыған орай, шоу-бизнес жұлдызы өзінің дене бітіміне теріс пікір айтуышларға жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Толықтыққа қатысты сыни пікірлерден мезі болған Роза Әлқожа өзінің Instagram парақшасына азулы жазба қалдырған. Онда әнші не себепті ұзақ уақыт бойы артық салмақтан арыла алмай жүргенін түсіндірген.

"Маған көбіне "арықта" деген коментарийлер жазылады. Бойым 1 метр 61 сантиметр болғандықтан салмағым да соған сәйкес болуы керек негізі. Жақында бір журналист сұхбат алды. Төрт сұрағы толықтыққа байланысты екен. Күлдім де жауап бердім.

Маған анам "кім болайын?"дегенде "сен келін бол" деді. Сондықтан да мен ең бірінші келін болуды, сосын арманымды жүзеге асыруды армандадым. Сол үшін де әнімді түсінетін адамға тағдырымды тапсырдым.

Ал енді келінге, анаға ең бірінші барған жерінің жағдайы, қабағы маңызды. Маған ән салдырған азаматтың оң-солы түгел болсын деп ұл да, қыз да тіледім.

Үй салдық. Бауырларымызға жәрдем бердік. Сөйтіп жүріп сән жайлы ойлауға шама да келмепті. Тіпті өз сымбатының қандай екенін, негізгі түрімді ұмытып қалыппын..

"Айнаға қарасаң ақылыңды алып қояды" деген соң қарамай кеткенмін ғой! Бүгін міне балалардың алды студент, арты бақшада, шүкір! Кеше екі бала тапқан бір сіңлім "сізге рахмет. Бес бала түгілі, екі баламен ес шықты ғой" деп жатыр.

Бір сіңліміз "сіздің сыртыңыздан неше түрлі айтушы ем. Өзім күйеуге шығып, бала тапқанда түсіндім. Баламен бірге жұмыс жасау деген азаптың азабы екен" деп еді. Не болса да құрбылар, сіңлілер маған ескерткіш қоймақ ниетте.

Соңғы он бес күнде 8 келі салмақ тастадым. Алда тағы біраз салмақ тастау ойда бар. Аз дегенде тағы 7 келі. Бұған дейін 75 келі салмақтан төмен тастай алмай жүрдім.

Енді көреміз. Алда нәтиже болу үшін де арнайы жазып отырмын. Жеңісті бірге көреміз! Жалмауыз да бір кездері қыз болған" , - деп жазған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Әлқожаның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
3
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel