RU
"Бәрі біткенде оятыңыздар": Хабибтің жаңа суреті желіні шулатты (фото)

"Бәрі біткенде оятыңыздар": Хабибтің жаңа суреті желіні шулатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Дағыстандық спортшы Хабиб Нурмагомедов өзіне тағайындалған жаза мен көлемді айыппұлға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: Нурмагомедовтың жеке парақшасы

фото: Нурмагомедовтың жеке парақшасы

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы дағыстандық спортшы Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық қарсыласы Конор Макгрегор арасындағы кездесуден кейін болған жаппай төбелеске қатысты шешімін шығарған болатын.

Онда Нурмагомедовтің тоғыз айға спорттан шеттетілгені, сондай-ақ, 500 мың доллар көлемінде айыппұл өтейтіндігі жазылған.

Осы шешімнен кейін дағыстандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында көзін жұмып жатқан суретін жүктеген.

"Бәрі біткен кезде, мені оятыңыздар", - деп жазба қалдырған Нурмагомедов.

Айта кетейік, спортшы Twitter желісіндегі парақшасында жазалау туралы шешім саясатпен тікелей байланысты екенін жазды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel