RU
БҚО-да жеті бірдей жүк көлігі соқтығысып, ірі жол апаты болды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

БҚО-да жеті бірдей жүк көлігі соқтығысып, ірі жол апаты болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жүк көліктерінің қатысуымен ірі жол апаты орын алды деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 29 қаңтар күні 11:40-та Самара-Шымкент тас жолының 344-ші шақырымында орын алған.

"Тас жолда жеті жүк көлігі соғылған. Ірі жол апаты алда келе жатқан жүк көлігінің кенеттен күрт тоқтауынан болған.
Қазіргі уақытта жеңіл көліктің қозғалысы қалпына келді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "Қазавтожол" ЖШС өкілдері қызмет етуде", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel