RU
Қаңыраған үйде жалғыз өзі тұратын 80-дегі қарияның күйі жұртты шошытты (фото)

Қаңыраған үйде жалғыз өзі тұратын 80-дегі қарияның күйі жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында жылусыз, сусыз, жарықсыз төрт бөлмелі үйде 80 жастағы қария жалғыз тұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қабидолла Мұхамбетов

Қабидолла Мұхамбетов

80 жастан асқан қарияның жағдайы адам шошырлық.

Жылусыз, сусыз, жарығы жоқ үйде Қабидолла Мұхамбетов жалғыз өзі тұрып жатыр. Ақсақалға тек көршілері көмектесіп отыр. 

Қабидолла Мұхамбетовтің үйі

Қабидолла Мұхамбетовтің үйі

"Балам бар, қасына аламын деп айтады, мен бармай отырмын. Келін жақтырмайды. Екеуі ұрысқан соң мен ортаға түсемін. Келін жаман. Немерелерім бар, бірақ олар маған келмейді. Осы үйде тұра беремін, ештеңе керек емес", - дейді Қабидолла Мұхамбетов.

Қаңыраған үйде жалғыз тұратын ақсақалды еріктілер тауып алған. Әбден ескірген үй құлағалы тұр.

Қабидолла Мұхамбетов

Қабидолла Мұхамбетов

Көршілері бір бөлмесіне пеш жағып кетеді. Үйдің ішін ылғал мен ыстың иісі алып кеткен.

Аудандық әкімдік өкілдері қарияның адам шошырлық жағдайы әлеуметтік желіге салынған күні көмекке келген.

Қабидолла Мұхамбетовтің үйі

Қабидолла Мұхамбетовтің үйі

"Әлеуметтік желіге салынғаннан кейін қарияның үйіне өзім бардым. Жағдайымен таныспыз. Әлеуметтік көмектер көрсетіледі. "40 жылдан бері жалғыз тұрады" деген шындыққа жанаспайды. Ол кісінің ішімдікке әуестігі болған. Балалары тастап кеткен.
Қарияның өзі үйіне газ, жарық тартуға қарсы болды. Айтқанын тез ұмытып қалады. Зейнетақысын нотаруис арқылы алып беретін адамдар бар. Қазіргі уақытта қария аудандық ауруханаға жатқызылды. Енді қарттар үйіне жатқызу мәселесі қаралып жатыр", - деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қонжар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
11
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel