RU
Атырауда 5-ші қабаттан құлаған бала ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда 5-ші қабаттан құлаған бала ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласында 5-ші қабаттан құлаған 4 жастағы бала ғажайыптың күшімен аман қалды деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: cheltv.ru

Көрнекі фото: cheltv.ru

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен жексенбіде орын алған.

"27 қаңтар күні 21:00-де Атырау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына денесінің бірнеше жерінен жарақат алған 4 жастағы бала жеткізілді. Дәрігерлер балаға бас-ми жарақатын алып, жамбас сүйегі мен иығының сүйектері сынғаны туралы диагноз қойды», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақхалаттылар қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты екенін айтты.

Оны жансақтау бөліміне ауыстырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel