RU
Шиелі ауданының әкімі тұрғындармен кездесуге халықты кіргізбей қойған (видео)

Шиелі ауданының әкімі тұрғындармен кездесуге халықты кіргізбей қойған (видео)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тұрғындармен кездесуге қарапайым халықты кіргізбей қойған. Өзінің мұң-мұқтажын аудан басшысына айтуға барған көпшілікті күзетшілер есіктің аузынан қайтарған деп хабарлайды 31 арна.

Әшім Оразбекұлы. Фото: syr-media.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Әшім Оразбекұлы. Фото: syr-media.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Қарапайым халықты әкіммен жүздесуге жібермей тұрған қызметкерлер бұл әрекеттерін арнайы бұйрық деп түсіндірген.

"Әкімшілік "кіргізбесін" деп бұйрық берген. Кіргізбе деген ғой. Қайтеді енді", - дейді есеп беретін залдың алдын күзетіп, әкімге тек мемлекеттік қызметкерлерді кіргізуші азамат.

Ал тұрғындар осы кездесу үшін бар тірлігін тастап, таңғы 09:00-ден бастап осы мекеменің жанында жүр.

Алайда олардың бұл әрекетінен нәтиже шықпаған.

"Неге кіргізбей жатқанын білмеймін ғой. Орындай алмайтын болғасын осылай жасайды. Қазір "бәрін орындап жатырмыз" деп іште құрғақ уәде беріп жатқан шығар", - дейді ашынған тұрғындардың бірі.

Сіздің реакцияңыз
26
2
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel