RU
Ренат Гайсинмен көңіл қосқан ару өзінің соққыға жығылғанын жоққа шығарды

Ренат Гайсинмен көңіл қосқан ару өзінің соққыға жығылғанын жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнесте Диная лақап атымен өнер көрсететін әнші соққыға жығылмағанын айтты. Бұған дейін желіге бет-аузы көгерген суретін жүктеген ол оқырмандарын қатты алаңдатып қойған болатын. Көпшілік аруды Ренат Гайсин ұрып тастады деп болжаған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеем жасаған NUR.KZ.

Біраз уақыттан бері көпшілік алдында бой көрсетпей кеткен Диная басынан өткен ауыр оқиғасымен бөлісуді жөн көріпті.

Ол ел арасында өзінің Ренат Гайсиннен таяқ жегені жайлы қауесеттерді жоққа шығарып, шын мәнінде не болғанын түсіндірді.

"Ернімді қолыммен ұстап бара жатқанымды жақсы білемін. Себебі ернім екіге бөлініп кеткен. Жағым ішіне кіріп, тістерім оған жабысып қалды.

Маған ол оқиға ауыр тиді. Қайғырдым, өзімді ұсқынсыз сезіндім. Елдің көзіне қалай шығам, қалай ән айтам деп ойладым. Кімге керекпін деп ойладым" , - деді Диная.

Анықталғандай, әншіні ешкім соққыға жықпаған болып шықты.

"Кажетсіз уақытта қажетсіз жерден табылдым. Маған бір нәрсе ұшып келді. Ол адам заттың маған тиерін білмеді. Себепкер жан тіпті мені танымайды да" , - әнші.

Сіздің реакцияңыз
3
3
1
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel