RU
"Нашар жұмыс": Назарбаев несиені таратып берген Ақышевті сынады
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Нашар жұмыс": Назарбаев несиені таратып берген Ақышевті сынады

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттен несие алған компаниялардың қаржыны қайтармай жатқанын айтты. Елбасы қарыз мөлшері ұлғайып жатқанын жеткізген шенеуніктің сауалына шүйлікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан, abctv.kz, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Sputnik Қазақстан, abctv.kz, Коллаж: NUR.KZ

"Егер нашар компанияларға бере берсеңдер, тағы да сол жағдай қайталанады. Қаражат жойылған.

Ақшаны жабылуға аз қалған компанияларға неге бердіңдер? Олар ақшаны құр босқа жаратып тастады

Банк пен үкімет қадағаламай, кім болса соған бере берген. Компаниялар қайта несиелендіріліп алды. Енді қарызын қайтара алмай отыр. Әлемде кім қалай жұмыс істейді?" , - деді Назарбаев.

Ақышев өз кезегінде бұл ақпаратты растады. Оның сөзінше, көптеген компаниялар қарызды әлі қайтармай жатса да, жұмысын тоқтатпаған.

"Біз оларға несие береміз бе, әлде тәртіп орнатамыз ба? Қанша қайтармады, солай жүре береді" ,- деді президент.

Елбасы жағдай өзгермесе, қылмыстық іс қозғап, қаржыны қайтару керектігін айтты.

"Мен бақылау комитетін құруды ұсынғанда, сен "өзімнің қолымнан келеді" дедің. Енді бақыла өзің. Заң шықты. Әрбір акционер өз банкінен ақша ұрлайды. Сосын артынан жүгіріп жүреміз. Біз қайда болдық? Бұл жаман жұмыс" , - деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel