RU
Назарбаев министрлерді Cмайылов үшін орын босатып беруге мәжбүрледі
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев министрлерді Cмайылов үшін орын босатып беруге мәжбүрледі

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлерді орындарынан тұрғызды. Елбасы оларға үстелдің ең шетінде отырып қалған қаржы министріне орын босатып беруге бұйырған. Мемлекет басшысы Әлихан Cмайыловты бәрінен алшақ отырғызған Бақытжан Сағынтаевқа шүйліккен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Салықтық және бюджеттік мәселелерді талқылау барысында Назарбаев қаржы министрі үстелдің ең шетінде отырып қалғанын байқап қалған.

"Қаржы министрі үстелдің ең соңында отырмауы тиіс. Оның орны бірден вице-премьерларден соң. Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары.
Қараш, оны қай жерге отырғызғаныңды. Міне қарым-қатынас. Протоколды кім жасайды? Мен қазір оны өзгертіп тастаймын. Тұр да, мында кел. Қожамжаровтан бастап барлығың бір орынға жылждыңдар" , - деді Назарбаев.

Нәтижесінде, Әлихан Cмайылов үстелдің ортасына қарай бет алды. Министрлер өз кезегінде оған орын босатып берген.

"Міне оның орны. Бұл - қаржы министрі. Біздің қарым-қатынасымыз осындай болған соң, қаржы мәселеміз кенже қалып отыр" , - деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel