RU
Жол апатына түскен ару күйеу жігітін ұмытып қалып, онымен қайта қосылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жол апатына түскен ару күйеу жігітін ұмытып қалып, онымен қайта қосылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жапонияда жол апатынан кейін есін жоғалтқан бойжеткен күйеужігітін ұмытып қалған. Алайда қайсар жігіт салы суға кетпей, өзін танымай қалған сүйіктісімен қайтадан танысуға бел буған. Азамат ғашығы ерте ме, кеш пе бәрін есіне түсіретініне сенімді болған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтемe жасаған NUR.KZ.

Фото: Pexels

Фото: Pexels

Осыдан тоғыз ай бұрын 24 жастағы Маруяма велосипедпен келе жатып, көлік астына түскен. Комадан кейін есін жиған бойжеткен жақындарын танымай, екі жарым жыл бойы кездескен сүйіктісін де ұмытып қалған.

Ли Хуаюя уақыт өте ғашығы бәрін есіне түсіреді деп үміттенген. Алайда, екі айдан соң, ару тіпті комадан кейін не болғанын да ұмыта бастаған.

Кейін ол күніге есін жоғалтатын күйге түскен. Тіпті таңда оянғанда кеше не болғанын, айналасындағы адамдардың кім екенін де білмейтін жағдайға жеткен.

Фото: Youtube-тан кадр

Фото: Youtube-тан кадр

Осылайша олар жоспарлап қойған үйлену тойынан бас тартуға мәжбүр болады. Бірақ, Ли өз райынан қайтпады. Ол күніге Маруямаға өзі туралы айтып, олардың таныс екенін суреттер арқылы дәлелдеп отырған.

Оған қоса, бойжеткен дәрігерлердің кеңесімен күнделік бастайды. Маруяма онда күнделікті не істегенін жазып, ертесіне бәрін есіне түсіріп отырған.

Бір күні Маруяма жігітімен айырылыспақ болып, оған мұндай қарым-қатынастан түк шықпайтынын жеткізген. Келесі ретте, ару сүйіктісінен өзіне үйленуін сұрайды.

"Амнезия салдарынан менде оған қайта-қайта ғашық болуға мүмкіндік бар. Есімді неше мәрте жоғалтсам да, қайтадан оны ғана сүйіп қалатынымды білемін" , - дейді Маруяма.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
4
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel