RU
Назарбаев Сұлтановтың министрлік қызметті дұрыс атқармағанын еске салды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Сұлтановтың министрлік қызметті дұрыс атқармағанын еске салды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі қаржы министрі Әлихан Смайыловқа үлкен үміт артып отыр. Елбасы Бақыт Сұлтановтың министрлік қызметті атқара алмай, сынға қалғанын еске салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz, akorda.kz, Коллаж: NUR.KZ

Фото: astana.gov.kz, akorda.kz, Коллаж: NUR.KZ

"Әлихан біздің қазынашылығымыз сен келген соң, мүмкін жұмысын жақсартар? Себебі Сұлтанов оны іске асыра алмады. Мен оны бірнеше мәрте сол үшін сынға алғанмын. Ақшаны есептеу керек. Әйтпесе қазынашылықта орын жоқ" , - деді мемлекет басшысы.

Оған қоса, Назарбаев бақылау органдары мен табыстар да министрдің қарамағында екенін ескерте кетті.

"Сонымен қатар, бізде есептік палата бар., Наталья Николаевна (Годунова). Мен бұл мәселеге қатты қарауды сұрағанмын. Мемлекеттің ақшасы қалай жаратылып жатыр. Бізде мұндай қаражаттың бары жақсысы жақсы, алайда оны халық игілігі үшін жұмсау керек" , - деді президент.

Ол министрлік басшылары мен әкімдер бюджеттің иесі болып, оны дұрыс жаққа жарату керектігін айтты.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel