RU
Түркістанда үйлерді тұрғындарымен қоса сүрмекші болған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда үйлерді тұрғындарымен қоса сүрмекші болған (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістан тұрғыны өзі тұрып жатқан үйді сүріп тастамақ болғаны жайлы ешкім ескертпегенін айтуда. Ол орын алған оқиға жайлы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: NUR.KZ, скриншот

Фото: NUR.KZ, скриншот

Жандос Нарымбайдың мәлімдеуінше, таңғы уақытта ешбір ескертусіз үйдің шатырын қирата бастаған. Мұны аңғарған жас жігіт ағасымен бірге далаға атып шыққан.

"Қасымда ағам болды. Біз шудан оянып кеттік. Бір нәрсені қатты тарсылдатып жатты.
Үйдің иесі біздің ағамыз. Ол хабарласып ешқайда қол қоймағанын айтты. Мен олардан тізімді көрсетулерін талап еткенмін. Бірақ олар ештеңе көрсете алмады.
Заттарымызды шығаруға тура келді. Себебі, олар бізге қарамай үйді сүріп тастауға кірісіп кетті. Не болып жатқанын білмейміз. Олармен ұрыстық, бірақ нәтиже жоқ" , - деді Жандос Нарымбай.

Жандостың анасы оқиға жайлы естіп, бірден сол жерге келген. Үйді бұзып жатқанын көре сала, әйел адам есінен танып қалған. Оған дәрігерлер көмек көрсеткен.

Түркістан әкімдігінде үйді бұзу жұмысының заңды түрде іске асып жатқанын жеткізді. Билік өкілдері үй иесіне ескерту жасалғанын, ол өз үйі үшін ақшасын алғанын айтуда.

"Рабиға Сұлтанбекова көшесіндегі үй - барақ тәрізді салынған баспана. Оның иесі Мұхамеджан Омаров. Үйдің аумағы 9 млн 600 мың теңгеге бағаланған. Ақша төленді.
Бірнеше күн бұрын үй иелеріне ескерту жасалды. Үй иесі өз келісімін берді" , - дейді Түркістан әкмінің баспасөз хатшысы Мадина Байғұт.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес, мемлекеттік қажеттілікке байланысты Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан 168 нысан бұзылмақ. Олардың 154-і тұрғын үй болса, 14-і коммерциялық нысандар.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel