RU
"Ыңғайсыз болды": Кенжебек Жанәбілов Қоянбаевтың фильмін сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ыңғайсыз болды": Кенжебек Жанәбілов Қоянбаевтың фильмін сынап тастады

Рассказать Вконтакте

"Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов актер Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски в Африке" фильмін қатаң сынға алды. Отбасымен киноға барған әнші ұялып қайтқанын жасырмады деп жазады "Хит-ТВ" арнасындағы "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев, Кенжебек Жанәбілов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан

Нұрлан Қоянбаев, Кенжебек Жанәбілов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан

"Жақында ғана Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски в Африке" киносына барып, отбасыммен көрдім. Ішінде бір ыңғайсыз жағдай болды. Оны мен ғана тамашалаған жоқпын.
Күні кеше бір досымыздың кішкентай баласы соның қолымен көрсеткен нәрсесін қайталап жүр. Менің ойымша, біздің болашақтағы жастарымызға бұл жақсы үлгі емес", - дейді Кенжебек Жанәбілов.

Сондай-ақ әнші қос тілде қатар түсірілетін фильмдерге де қарсы екенін айтты.

"Шынында да біздің қазақтың киносына орысша мен қазақшаны біріктіріп жатыр. Кейбір жеріне орысшаны қосып жібереді. Негізі бір тілде болғаны жақсы. Орысша немесе қазақша", - дейді әнші.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаевтың фильміндегі теріс әрекетті танымал журналист Арман Сқабылұлы да сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
14
1
0
1
1
28
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel