RU
Ауқатты қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алғанды ұнатады?
Жаңалықтар Қоғам

Ауқатты қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алғанды ұнатады?

Рассказать Вконтакте

2018 жылы қалталы қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley және Maybach көлігін сатып алған. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған BAQ.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ogaracoach.com

Көрнекі фото: ogaracoach.com

2018 жылы Қазақстандағы Luxury санатындағы көліктердің саны 330-ға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ке жоғары. 

Ауқатты қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley маркасындағы көліктерді қалайды екен. Мұндай 140 көлік тіркелген. Оның 101-і Continental GT маркасындағы көлік болса 29-ы Flying Spur седаны, 22-сі Bentayga.

Сондай-ақ, қалталы азаматтар Mercedes-Benz Maybach S-Class көлігін де ұнататын болып шықты. Өткен жылы S560 және S500 маркалы 65 седан тіркелген. Оның 24-іне бірінші рет нөмір берілген.

Қымбат көліктердің үздік бестігін Maserati 29 бірлік (оның төрт көлігі елімізде алғаш рет тіркелген), Rolls-Royce 24 бірлік (оның бесеуі елімізде алғаш рет тіркелген) Ferrari (оның он бірі қайта тіркеуден өткен) қорытындылап отыр.

Сонымен қатар еліміздегі арнайы ХҚКО-да 3 Lamborghini мен 2 Aston Martin көлігі де тіркеуден өткен.

Қымбат көліктердің басым бөлігі Алматыда (191 бірлік) тіркелген. Ал Астана қаласында 63 көлік, Алматы облысында 24 көлік тіркеліпті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel