RU
Алматының орталық мешіті ұрылардың сүйікті орнына айналған
Жаңалықтар Қоғам

Алматының орталық мешіті ұрылардың сүйікті орнына айналған

Рассказать Вконтакте

Алматының орталық мешітінде ұрлық жиілеген. Құлшылық орнында істейтіндеркелушілердің бәрін бақылауда ұстай алмайтынын айтып ақталуда деп жазады Almaty.tv арнасы.

almaty.tv

Фото:almaty.tv

Бесін намазына келген Ербол есімді жігіт ұрылардың құрбаны. Сырт киімінің қалтасында тұрған банк картасы, көлік жүргізу куәлігі мен жеке куәлігі ұрылардың олжасына айналған.

"Сағат екілер шамасында бесін намазына досыммен келгенмін. Күрткемді шешіп қойғанмын. Ішінде құжаттар, ұялы телефон болған. Соның бәрін әкетті. Намаз аяқталған соң қайтып келсек, орнында жоқ болып шықты. Камерадан қарасақ, дұрыс көрінбейді, беттері бұлыңғыр", – деді студент Ербол Сейдазимов.

Сапарға шықпас бұрын дұға қылмақ ниетпен келген Бекболат Мұратбаев те телефоны мен айлығынан айырылған.

Мешіт ішінде тілдескен өзбекстандық жігіт көз алдында заттарын алып, қашып кеткен.

«Дәретке кірдік. Күртемді ұстай тұруға ниет білдірді. Риза болып, қолына ұстата салдым. Сол сәтте әмиянымды алған. Телефоныммен сөйлесіп алуға өтініш білдірді. Біраз сөйлесіп тұрды, тағы бір қарасам, қашып кетіпті», – деді Бекболат Мұратбаев.

Қажетін қолды қылған қауымның көбі дінге көлеңке келмесін деген оймен алдырған заттарын жоқтамай, жылы жауып қоя салғанды жөн көреді екен.

«Мешітке күніне бес мыңға жуық жамағат келеді. Көпшілік болғаннан кейін әртүрлі жағдай орын алады. Сол себепті, келген жамағаттың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мешітте 25 камера қондырылған. Одан бөлек, мешіттің күзетшісі бар, үш-төрт кезекші және шәкірттеріміз әр намазды бақылап, қарап отырады. Дегенмен арасында түрлі жағдай болып тұрады», – деп ақталды орталық мешіт іс басқарушысы Ержан Назарбек.

Полиция департаменті «Мешіттегі оқиғалар жеке жазылмайды. Соңғы бір жылда қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 55 қылмыстық топ анықталып, 89 адам ұсталды» деген жауап қайтарған.  

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel