RU
Қайрат Нұртас Дубайдағы қымбат көліктерімен мақтанды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас Дубайдағы қымбат көліктерімен мақтанды (видео)

Рассказать Вконтакте

Дубайда демалыста жүрген Қайрат Нұртас қымбат көлікпен түскен видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Алайда желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Қайрат Нұртас. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Шетелдік көлікті тізгіндегін әншінің мақтанғанын жұрт ұнатпай қалған.

"Мақтана бермеші", "Осы көлікті мініп мақтанғанша, жетім-жесірге көмектессеңші", "Осындай әдеттеріңді қашан қоясыңдар?", "Ішкен-жегені мен мінгенін көрсетіп мәз", "Әншілердің бәрі мақтаншақ", "Мен баламның оқуына деп 500 мың сұрасам бермейсің. Қаншалықты қайырымдылық жасайсыз" деп жазды әншіні сынға алушылар.

Ал Қайрат Нұртастың қымбат көлігіне қызыққанымен, тілеулес болған желідегілер:

"Жарайсыз. Өзіңізге бұйырсын", "Мақтанса, өз еңбегімен жетті", "Мұндай көлікті Қайрат мінбесе", "Үйде жатып, жетістікке жеткен адамды сынай бермеңіздер", "Бар болса - көре алмайтындар мен жоқ болса - бере алмайтындар көп осы" деп жазды.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас қазіргі уақытта анасының рұқсатымен демалуда.

Әнші осыған дейін Германияда демалып, ем қабылдаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
23
0
5
2
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel