RU
Жұбайын аққудың еркегіне теңеген жас келін желіде хит болды

Жұбайын аққудың еркегіне теңеген жас келін желіде хит болды

Рассказать Вконтакте

Үйлену тойында жұбайын аққудың еркегіне теңеген жас келін жұртты күлкіге қарық қылды. Асабаның сұрағына жауап берген ақ көйлекті арудың сөзі kazakh.toy парақшасында тарап кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан той атқарып жүрген асабаның жас жұбайлардан "Сүйгеніңді кімге теңейсің" деп сұрағанын көруге болады.

Шаңырақ көтерген жігіт жұбайын аққуға теңейтінін айтқан.

Ал келіншек күйеуін "аққудың еркегіне" теңеймін", - деп жауап береді.

Желі қолданушылары босаға аттаған бойжеткеннің бұл сөзін қызу талқыға салды.

"Жас қыз ғой. Не айтарын білмей қалған шығар", "Адам ұялып қалғанда, солай болады өзі", "Видеоны көріп, рахаттанып күліп алдым", "Ойланбай жауап бере салды ғой".
"Бүркітке теңесе бір жөн", "Аққудың еркегі дегені несі?" деп желідегілер жарыса пікір жазған.

Сіздің реакцияңыз
4
4
0
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel