RU
Шымкентте қайсар әйел қарақшыға дүкенді тонауға жол бермеген

Шымкентте қайсар әйел қарақшыға дүкенді тонауға жол бермеген

Рассказать Вконтакте

Шымкентте дүкенде сатушы болып қызмет атқаратын әйел қылмыскерге сауда орнын тонауға мүмкіндік бермеді. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: Отырар арнасы

фото: Отырар арнасы

Шымкентте автобус аялдамасының жанында орналасқан кішкентай дүкендердің бірінің сатушысы қарақшылықтың алдын алған.

Оқиға Байтұрсынов пен Арғынбеков көшелерінің қиылысында орналасқан автобус аялдамасының жанындағы дүкенде орын алған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, белгісіз адам сауда орнына кіріп, сатушыдан ақша талап етіпті. Сатушы "жоқ" деп жауап берген.

Осы уақытта ер азамат ызаға булыққан.

Ашуланған ер азаматтан қорықпаған әйел, өзін-өзі қорғаштап қарақшының бетіне бұрыш балонын шашып жіберген.

Ер азамат күтпеген "соққыдан" сыртқа артқа шегініп, қашып кеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, саусақ іздерін алыпты.

Күдіктінің белгілері құқық қорғау органдарына берілген. Қарақшыны іздестіру жұмысы жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel