Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 млрд 890 млн: Астананың Топ-5 жер телімдері қандай?

Опубликовано:

Қазақстанның алып шаһарларында жердің әр тілімі үлкен сұранысқа ие. Елорда нарығында жер телімдерінің қандай бағада сатылып жатқанын редакциямыз анықтады. krisha.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға Астананың ең қымбат бес жер телімдерін ұсынады.

Коллаж:NUR.KZ
Коллаж:NUR.KZ: Facebook

Астанада сатылып жатқан ең қымбат жер тілімі 4 890 000 000 теңге тұрады. "Мәңгілік ел" даңғылында орналасқан алты гектар аумақтағы жер тұрғын үй кешенін тұрғызуға арналған.

Сатушының айтуынша, құжаттардың бәрі дайын.

Екінші орындағы жер телімінің аумағы да алты гектар. Ол Бараев көшесінде орналасқан. Құны 4 640 000 000 теңге. Құжаттарының бәрі рәсімделген. Негізгі жоспар бойынша, тұрғын үй кешенін тұрғызуға арналған.

Үшінші орынға иеленген жер телімінің бағасы 4 345 000 000 теңге. Жер Алматы ауданында орналасқан.

Төртінші орында Ахмет Байтұрсынов көшесінде орналасқан тоғыз гектар жер телімі тұр. Оның құны 3 400 000 000 теңгені құрайды.

Бұл тұрғын үй кешеніне арналған жер. Қожайыны тіпті кешеннің жобасын да жасап үлгерген. Кешенді бірлесе тұрғызу мүмкіндігін де қарастыруға дайын.

krisha.kz
Фото:krisha.kz: Twitter

krisha.kz
Фото: krisha.kz: Facebook

Ал ең қымбат жер телімдер бестігін үш миллиард теңгеге бағаланған 15,2 гектарлық жер аяқтайды. Ол Есіл ауданында, "Хан шатыр" мен "Зеленый квартал" тұрғын үй кешенінің артында орналасқан.

Айта кететін жайт, жер телімдерінің барлығы тұрғын үй кешенін тұрғызуға арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776039-4-mlrd-890-mln-astanany-top-5-zer-telimderi-kandaj/

pixel