RU
Әкімнің жұмысына көңілі толмаған халық оны ұстап алып, байлап қойған (фото)

Әкімнің жұмысына көңілі толмаған халық оны ұстап алып, байлап қойған (фото)

Рассказать Вконтакте

Көптеген елдерде саясаткерді жазалаудың басты әдісі - сайлауда оған дауыс бермеу. Алайда, бұған қатысты Боливия халқының әдісі бөлек. Оны боливиялықтар "әлеуметтік әділдік" деп атайды. Олар қызметіне көңілі толмаған басшыны ел алдында жазалайды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: red.msk.ru

Фото: red.msk.ru

Мәселен Сан-Буэнавентура деген шағын қаланың тұрғындары өзінің конституциялық құқығын іске асырып, жергілікті әкімді елдің алдында жазалаған.

Олар Хавьер Дельгадоны бір сағатқа байлап қойған.

Қала басшысы жаңа көпірдің ашылуына бару керек болып, іс-шара өтетін жерге келгенде жиылған көпшілікті көріп таңғалған. Себебі, ашылу салтанатында мұншама көп адам болатыны жоспарланбаған.

Анықталғандай, жергілікті тұрғындар жаңа көпірдің ашылуына емес, әкімді жазалауға келген болып шықты. Ашуға булыққан халық Дельгадоны еркінен тыс ұстап алып, қол-аяғын байлап қойған.

Фото: red.msk.ru

Фото: red.msk.ru

"Олар мені не себепті жазаламақ екенін түсіндіріп айтқан да жоқ. Бірақ, мен жағдайдың ушығып кетпесі үшін қарсылық танытпадым. Артынан олар маған мән-жайды түсіндіруге мұрша беріп, бәрін білгеннен кейін кешірім сұрады. Оларды менің саяси қарсыластарым жалған ақпарат арқылы маған қарсы қойған" , - дейді қала басшысы.
Фото: red.msk.ru

Фото: red.msk.ru

Әкімнің айтуынша, бұл өзінің жұмысына барынша кедергі келтіргісі келетін жергілікті кәсіпкерлердің ісі.

Қала тұрғындары болса, басшының өз қызметін дұрыс атқармай, халықты алдағаны үшін жазаланғанын алға тартты.

Ең қызығы, олар екі жарым жылда Дельгадоны үшінші мәрте жазалап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
3
31
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel