Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызының куәлігімен шетел асқан әйел шекарашылардың салғырттығына күйінді (фото)

Опубликовано:

58 жастағы Анита Тернер Бельгияға круизбен демалуға өз қызының куәлігімен барып келген. Әйелді шекара қызметкерлерінің куәліктегі бойжеткен мен өзін айыра алмағаны таңғалдырған деп жазады fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Twitter

Анита 30 жастағы қызы Ребекканың куәлігімен екі шекара пунктінен емін-еркін өтіп кеткен. Ең қызығы, куәліктегі суретте оның қызы 23 жасында болған.

58 жастағы келіншек шетелге тек қана бір күнге барған. Ол қызының куәлігін алып кеткенін шекара пунктіне жеткен кезде бір-ақ аңғарған. Алайда, әйел адам не болса да саяхатын жалғастыруды мақсат етіп, шекарашылардың куәліктегі адам мен өзін қалай ажырататынын тексермек болады.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Twitter

Оның ойлағаны іске асып, ол шекарадан сәтті өтеді. Демалысы аяқталған соң, еліне қайтарда келіншек тағы да қызының куәлігі арқылы өтіп кеткен.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Twitter

Анита шекарашылардың қызымен арадағы 35 жас айырмашылығын аңғармай, куәлікті дұрыс тексермегеніне шүйлікті.

"Мен мұндай жасау қолымнан келеді деп ойламадым. Бұл мемлекет үшін ұят болу керек. Себебі, мұндайды оңайшылықпен іске асыруға болады. Мен қызымның куәлігімен емін-еркін шетел асып жүре бергенім, шекара қызметінің әлсіздігін көрсетеді. Мен наурызда 59-ға толамын" , - дейді Анита.
Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776049-kyzyny-kuligimen-setel-askan-jel-sekarasylardy-salgyrttygyna-kjindi-foto/

pixel