Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлерді шаң қаптыратын қытайлық жауынгер қыздар жайлы не білеміз? (фото, видео)

Опубликовано:

Осы жексенбіде Қытайдағы мемлекеттік телеарналардың бірінде әскердегі жауынгер қыздардың қандай сынақтардан өтетіні жайлы бейнематериал көрсетілді. Онда нәзік жандылардың ерлер қатарлы жаттығулар жасап, үлкен дайындықтан өтіп жатқанын аңғаруға болады деп жазады fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Facebook

Қытайда аса танымал "Falcon Commandо" әскерилер тобы терроризмге қарсы дайындық, қоян-қолтық ұрыс пен пышақты жекпе-жектерді күнде өткізіп тұрады.

Соңғы жылдары кілең қыз-келіншектерден тұратын әскери топ елінің әлеуметтік тұрақтылығына елеулі түрде үлес қосуда.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Twitter

CCTV арнасында көрсетілген видеода офицер әйелдің қарулы екі жауынгерді жаттығу кезінде аяусыз соққыға жығып жатқанын байқауға болады.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Facebook

Оған қоса, тек қана қыздардан тұратын әскери топтың мылтықтан ату шеберлігі де көрсетілген.

Фото: vinegred.ru
Фото: vinegred.ru: Instagram

Жас әрі күші көп топ болашақта әлі де талай жаттығу өткізу керектігін айтты. Олар террорлық әрекет кезінде неғұрлым тез қимылдап, дұрыс шешім қабылдауды шыңдамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776060-erlerdi-sa-kaptyratyn-kytajlyk-zauynger-kyzdar-zajly-ne-bilemiz-foto-video/

pixel