RU
Жігітін қатты қызғанған ару мидың қатерлі дертіне шалдықты

Жігітін қатты қызғанған ару мидың қатерлі дертіне шалдықты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Страуд қаласының тұрғыны Иви Мурдың кенет қатты қызғаншақ болып кеткен. Алайда бұл қатерлі аурудың белгісі болған. lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ бойжеткеннің хикаясын назарларыңызға ұсынады.

lenta.ru

Фото:lenta.ru

Иви Мур 2015 жылы кенет сүйіктісін қатты қызғанып, көзіне шөп салып жүр деп күдіктене бастайды.

20 жастағы бойжеткенді әртүрлі ойлар мазалап, бұрын мүлде ойламаған нәрселерді уайымдай бастаған.

Сол жылы қыркүйекте үйде жалғыз болған ол қатты тұмауратып жатқан. Ол ата-анасымен сөйлескеннен кейін, олар қыздары үшін уайымдап оны үйіне алып кеткен.

Әке-шешесінің үйінде алғаш рет қояншығы ұстаған. Мурды дефибриллятордың көмегімен құтқарып, екі тәулікке жасанды комаға түсірген.

Есін жиған кезде Мур екі апта бойы ата-анасын танымаған.

Үйіне оралған бойжеткен пәтерден шығуға қорқып, теледидар көргенде өзін оқиғаның ортасында жүргендей сезініпті. Тіпті бір күні ұйқыдан оянғанда анасы қайтыс болды деп ойлаған.

Дәрігерлер оған психоз деген диагноз қойды. Мұның бәрі энцефалиттің кері әсері болып шыққан.

Ауруханада жатқанда ол тағы бір соққы алады. Сүйіктісі оны тастап кеткен.

Ол тек тоғыз аптадан кейін үйіне оралған. Ми жұмысын жақсартуға арналған стероидтардың әсерінен бойжеткен 40 келі салмақ қосқан.

Қазір Мур туристік агенттікте жұмыс істеп, жаңа жігітпен кездесіп жүр. Қыз аурудың өмірін түбегейлі өзгерткенін мойындап отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
5
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel