RU
"Мені қолдайды": Бүркіттің қарындасы ағасымен арасын бұзғысы келетіндерге жауап берді

"Мені қолдайды": Бүркіттің қарындасы ағасымен арасын бұзғысы келетіндерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Әсел Асқар жұлдызды ағасымен қарым-қатынасына нұсқан келтіріп, олардың арасын қасақана бұзуға талпынып жүргендерге жауап берді. Желіде ашық суреттері үшін сынға қалған ару Бүркіттің оның әрбір қадамына қолдау білдіретінін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Әсел Асқар Instagram желісінде ағасымен оның арасына іріткі салып жүргендерге жазба арнады. Ол танымал ағасымен берік туыстық қатынасты ешкім бұза алмайтынына сендірді.

"Соңғы кездері мен өмірімде қайталанбас әрі күтпеген жолдарды таңдап жүрмін. Көпшілік мені қызу талқыға салуда. Біреу дұрыс емес, тәрбиелік мәнісі жоқ десе, енді бірі табиғи емессің деп жатыр.
Алайда сіздерге айтарым, не десеңіздер де, не істесеңіздер де менің жақындарыммен қарым-қатынасым еш өзгермейді. Менің тағдырым мен өмірім қалай өрбісе де олар менен теріс айналмайды. Әсіресе ағама қатысты айтарым: ол мені қатты жақсы көреді және мені барынша қолдауға тырысады. Сол себепті біз бірлігі жарасқан үлкен отбасымыз.
Бір жанұяның шырқын бұзып, іріткі салу тек алдын ала әрбір қадамын жоспарлап қойғандардың қолынан келетін шығар. Бірақ, бәрібір тырыспасаңыздар да болады. Бізге сіздердің керағар пікірлеріңіз еш әсер етпейді" , - деді ару.

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel