RU
Қауіпті көктайғақ: Қызылордада ауа райы салдарынан 120 адам зардап шекті

Қауіпті көктайғақ: Қызылордада ауа райы салдарынан 120 адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Қызылордада нөсер салдарынан жолдар мен көшелер мұз айдынына айналды. Бір тәулікте жол апаттарының саны артып, "Газель" көлігі аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс түріне көшті. Барлық жұмысшылар орталық көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын тазартуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ds27brest.schools.by

Көрнекі фото: ds27brest.schools.by

Күшейтілген жұмысты медицина қызметкерлері де атқаруда. Себебі, Қызылорда қалалық ауруханасының травмотология бөліміне түскен адамдар саны бірден артып кеткен.

"Ауа райының қолайсыздығынан жәбірленуші науқастардың саны артты. Бір тәулікте травмотологиялық орталыққа 121 адам түсті. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.
Жеті адам ауруханаға жатқызылды. Олар дәрігерлер бақылауында болады", - деді Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше түстен кейін сабақ тоқтатылған. Ал бүгін бастауыш сынып оқушылары мектепке барған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel