Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нөсер жауыннан соң Алматы тұрғындарын -19 градус аяз күтіп тұр

Опубликовано:

Алматыда таңертеңнен бастап жауған жаңбырдан соң қала тұрғындарын 19 градусқа дейін аяз күтіп тұр деп хабарлайды Gismeteo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сәрсенбі және бейсенбі күндері, яғни 6 және 7 ақпанда Алматыда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз сынап бағанасы -9-10 градусты көрсетсе, түнде бұл көрсеткіш -19 градусқа дейін барады.

Фото: Gismeteo.kz
Фото: Gismeteo.kz: UGC

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін оңтүстік астанада жаңбырдан басталған қар ертең таңертең де жалғасын табады.

Ақ ұлпа қар келесі аптаның сейсенбі күнінен бастап жұмаға дейін жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776118-nser-zauynnan-so-almaty-trgyndaryn-19-gradus-aaz-ktip-tr/

pixel